Оның айтуынша, Орманбаеваға іздеу жарияланған
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев журналист Дана Орманбаеваның ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, Дана Орманбаева ұлтараздық алауздық тудырды деген айып тағылып, соты өткен еді.
«Дана Орманбаева 174 бап бойынша сотталып, іздеу жарияланған. Оның қайда тұратынын интерпол анықтап жатыр. Ол Біріккен Араб әмірліктерінде отырып, әлеуметтік желіге жазба жариялады деген ақпарат бар. Алайда, бізде сенімді ақпарат жоқ», - деді Қойгелдиев.
Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтар күні Қазақстан Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жариялаған болатын.