Шерзат Полаттың өлімі: 117 рет жауап алынған, 90 диск қаралған, 39 рет беттесу өткен
Бас прокурордың орынбасары қылмыстық іске қатысты тың мәліметтерді жария етті
Бүгін Мәжіліс кулуарында Azattyq Rýhy тілшісінің сұрағына жауап берген Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғарда мерт болған Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық істің кейбір мәліметтерін жария етті.
Редакция тілшісі іс сотқа қашан түсуі мүмкін екенін және іспен танысу барысы аяқталуға жақын ба, жоқ па екенін сұраған еді.
«Өзіңіз айтып тұрғандай, тергеу аяқталып, тараптар іс материалдарымен танысып жатыр. Заң бойынша танысу уақыты қандай да бір мерзіммен шектелмейді. Бірақ, бір айтайын дегенім, қылмыстық іс бойынша 39 сараптама тағайындалған, зардап шеккендер мен ұсталғандардан 117 рет жауап алынған, 90 дикс қаралған, 36 рет беттесу өткен. Бұл – қыруар жұмыс және осы материалдардың бәрін талдауға уақыт керек», - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін депутат Абзал Құспан Шерзаттың өліміне қатысты іс туралы өз болжамын айтқан.