$ 517.84  543.11  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Адам өлтіріп аламын деген ойым болған жоқ»: Дамир Досов соттағы соңғы сөзін айтты

Ол марқұмның ата-анасынан кешірім сұрады

«Адам өлтіріп аламын деген ойым болған жоқ»: Дамир Досов соттағы соңғы сөзін айтты
Фото: Қорғаныс министрлігі

Астананың қылмыстық істер жөніндегі әскери сотында сарбаз Марат Барқұловтың өліміне қатысты сот отырысының жарыссөзінде сотталушы Дамир Досов соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Марқұм Мараттың ата-анасынан шын жүректен кешірім сұраймын. Қатты өкінемін. Мен ата-әжемнің тәрбиесінде болдым. Маратпен қарым-қатынасымыз жақсы болды. Телефон сұрағанда бердім, дүкенге сұранғанда бірге барып келдім. Анам жалғыз болған соң көмектесу үшін жұмысқа тұрдым. Біреуге зияным тиіп, біреуді өлтіремін деген ой қаперіме кіріп-шықпаған. Марат қайтыс болғаннан бері ол үшін дұға жасамаған күнім болмады»,- дейді Дамир Досов.

Ол жазасын Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігінен (кісі өлтіру) 462 бабы 2-бөлігіне ауыстыруды сұрады.

«Мен марқұм Мараттың отбасынан кешірім сұраймын. Маратты өлтірем деген ниетім болған жоқ. Тек Маратпен ғана емес, қалған сарбаздармен де қарым-қатынасым жақсы болды»,- дейді ол.

Серіктес жаңалықтары