$ 517.84  543.11  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Абайсызда атып алдым деп жылады»: Дамир Досовтың анасы қайғылы оқиға болған күнді есіне алды

Анасы сотта оның балалық шағын есіне алды

«Абайсызда атып алдым деп жылады»: Дамир Досовтың анасы қайғылы оқиға болған күнді есіне алды
Фото: pixabay.com

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық әскери сотында 19 жастағы сарбаз Марат Барқұловтың өліміне қатысты сот отырысының жарыссөзінде сотталушы Дамир Досовтың анасы сөз сөйлеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол кісі алдымен қаза болған сарбаздың ата-анасынан кешірім сұрап, көңіл айтты. Оның айтуынша, баласы қызметінде де, оқуында да тек жақсы жағынан көрінген.

«Жалғыз ұлым бала кезінен әскери қызметші болғысы келді. Әскери институттың қасында тұрғаннан ба, бала кезден соларға еліктеді. Тоғызыншы сыныптан кейін Ұлттық Ұланға оқуға түсті. Әскери қызметте жүрген соң ұлымды сирек көрдім. Кейін оқуын бітірген соң 2024 жылдың шілдесінде Маңғыстауға қызметке аттанды. Қайғылы оқиға болған күні ұлым маған өзі хабарласып, «абайсызда адам атып алдым» деп жылады»,- дейді Дамирдің анасы.

Ол әскери қызмет кезінде оқ атуды ешкім жөндеп үйретпегенін алға тартып отыр. Оқиға күні тапаншаның ішінде оқ бар екенін білмеген. Майор Майлиев оған қарудың оғы бар екенін ескертпеген. Анасының айтуынша, енді кінәнің бары Дамирдің ғана мойнына артылмақ. Ол осыған дейін жауап берген әскери қызметшілердің сөзіне күмән келтірді.

«Әскери қызметші қаруды жас лейтенантқа беріп, жарғыны бұзған. Майор Бағдат Майлиев Досовқа тапаншадағы оқ жайлы ескертпеген. Кейін жауап беру кезінде одан жалтарған»,- дейді ол.

Анасының айтуынша, Дамир Досов пен Марат Барқұловтың арасында ешқандай өшпенділік болмаған.

Серіктес жаңалықтары