$ 522.42  543.89  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Астана Арена», «Барыс Арена» және «Алау» мұз айдындарының тендерінен шикілік анықталды

Заң бұзу фактісін бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті тапқан

«Астана Арена», «Барыс Арена» және «Алау» мұз айдындарының тендерінен шикілік анықталды
Фото: pixabay.com

«Астана қаласының активтер және Мемлекеттік сатып алу басқармасы» елордадағы «Астана Арена» стадионын, «Барыс Арена» және «Алау» мұз сарайын сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру кезінде монополияға қарсы заңнаманы бұзған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс материалдарына сенсек, «Астана қаласының активтер және Мемлекеттік сатып алу басқармасы» 2020 жылы «Астана Арена» стадионын, «Барыс Арена» және «Алау» мұз сарайын сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы тендер жариялаған. Негізінде, тендер бәсекелестік қағидаттарын бұзбай, әлеуетті қатысушы компаниялардың бәріне тең жағдай жасай отырып, өтуі керек еді. Алайда, басқарма тендерді тек белгілі бір компания жеңіп алатындай талаптар орнатқан.

Осылайша, тендерді «Mtex management» ЖШС ғана жеңіп, үш спорт нысанын 15 жылға басқаруға алған.

«Осыған байланысты агенттіктің Астана қаласы бойынша департаменті «Активтер және мемлекеттік сатып алулар басқармасының» атына заң бұзу фактісін жою туралы хабарлама жіберді», - деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары