$ 529.99  546.63  5.21
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астана әуежайы жоғалған чемодандарды сатып жатыр ма - әуежай өкілі ресми мәлімдеме жасады

Әуежайдың баспасөз қызметі алаяқтарға сенбеуге шақырды 

Астана әуежайы жоғалған чемодандарды сатып жатыр ма - әуежай өкілі ресми мәлімдеме жасады
Фото: istockphoto.com

Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында жоғалған чемодандар арзан бағада сатылып жатқаны туралы ақпаратқа қатысты әуежайдың баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде «Астана халықаралық әуежайы сақтау орнын босату үшін Қазақстандағы барлық отбасыларға 2 жылдан астам сақталған жоғалған чемодандарды береді» деген ақпарат тарап жатыр.

Әуежай өкілі жоғалған жүктердің ешқашан сатылмайтынын айтты.

«Астана халықаралық әуежайы жолаушылардың жоғалған багаждары сатылмайтынын және үшінші тұлғаларға берілмейтіндігін хабарлайды. Елорда әуежайында иесіз қалған жүк бір ай бойы қоймада сақталады. Осы уақыт аралығында иесі табылмаса, жоғалған чемодандар бастапқы жөнелту нүктесіне қайтарылады. Жолаушылардан ықтимал алаяқтық әрекеттерден сақ болуларын сұраймыз», - деді баспасөз қызметінен.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Астана #әуежай