Қостанай облысында 23 жүк вагоны рельстен шығып кетті
Оқиға 24 мамыр күні сағат 14:40-та болған
Бұл туралы «ҚТЖ – жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«24 мамыр сағат 14:40-та Қостанай облысының Құсмұрын-Тобыл учаскесімен келе жатқан жүк пойызының машинисті (Қазанбасы-Апановка бағытында) локомотив манометрінің мәліметіне сәйкес вагондар арасындағы ауа қысымының төмендеуіне байланысты апаттық тежеуішті басқан. Нәтижесінде 23 вагон рельстен шығып кеткен. Теміржолдың байланыс желісіндегі тіреуіштері бүлінген», - делінген хабарламада.
Аталған бағытта бос вагондар құрамы сағатына 68-70 км/сағат жылдамдықпен келе жатқан (аталған учаскеде 70 км/сағат жылдамдықпен жүруге рұқсат етілген).
Оқиғаның себебін анықтау үшін құрамына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «ҚТЖ – жүк тасымалы» АҚ жетекшілері керітін арнайы комиссия құрылды.