Ол кәсіп бастығысы келген азаматтарға грант алып беремін деп алдаған
Түркістан облысында 13 адамнан бас-аяғы 10 млн теңге жинап алып, қашып кеткен Түркістан азаматы Беларусь елінде қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, ұсталған күдікті мен оның сыбайласы 2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың тамызына дейін адамдардан 10 млн теңге жинап алған. Есесіне, оларға грант алуға көмектесемін деп сендірген. Сыбайласы елде жүріп қолға түскен күдіктінің өзі Беларусь еліне қашып кеткен.
«2024 жылдың қазан айында ол Беларусьте ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының өтініші бойынша отанына экстрадицияланды. Қазір күдікті Астанадағы тергеу изоляторына қамалды», - деп хабарлайды прокуратура.