Тараздағы «Бәйдібек» қайырымдылық мекемесі 36 балаға заңсыз білім берген
Прокуратура мекеменің жұмысын тоқтатты
Тараздағы «Бәйдібек» қайырымдылық ұйымы 2023 жылдан бері шамамен 40 балаңа заңсыз білім беріп келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның үстіне, ғимараттың іші лас, өрт қауіпсіздік шаралары сақталмаған болып шыққан.
«2024 жылы Тараз қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандарға білім беретін мекемелердің қызметін тексерген. Тексеру кезінде лицензиясы жоқ «Бәйдібек» қайырымдылық мекемесі 2023 жылдан бастап 36 балаға заңсыз білім беріп келгені анықталған. Мекеменің ішінде санитарлық нормалар сақталмаған, көші-қон, өрт-техника, еңбек және сәулет-құрылыс нормалары бұзылған», - деп хабарлайды Тараз қаласының прокуратурасы.
Осылайша, 2024 жылы 8 қазанда Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен аталған мекеменің қызметін тоқтату, тарату және есептік тіркеуден шығару туралы үкім кескен. Сот шешімі заңды күшіне енген.