$ 529.65  544.64  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайдағы балабақша картоп пен пиязды өз құнынан  180% қымбатқа сатып алып отырған

Ал Ақтөбедегі 80 балабақша қарапайым қарақұмықты нарықтағы бағасынан 500% қымбатқа алған

Қостанайдағы балабақша картоп пен пиязды өз құнынан  180% қымбатқа сатып алып отырған
Фото: istockphoto.com

Қаржы мониторинг агенттігі Қазақстандағы мектеп, балабақша, аурухана және жетімдер үйі сияқты әлеуметтік нысандардың тендерлеріне қатысты тергеу жүргізіп, жаға ұстарлық жайттарды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еліміз бойынша бас-аяғы 1100-ден астам мемлекеттік мекеме тексерілген.

«2024 жылы Қаржылық мониторинг агенттігі азық-түлік бағаларын қымбаттатқан 817 фактіні анықтады.  685 мекеменің мемлекеттік сатып алу келісімшарттары қайта қаралып, нәтижесінде 370 млн теңгеден астам қаржы үнемдеуге себін тигізді», - деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметі.

Осы шаралар барысында Ақтөбе облысының 80 балабақшасы қарақұмық, картоп, сәбіз, қант, жұмыртқа және тұзды нарықтағы бағасынан қымбатқа сатып алып отырғаны белгілі болған.

«Мәселен, бір кәсіпкер балабақшаға қарақұмықтың бағасын 500% қымбатқа сатып отырған.  Қостанайда 117 әлеуметтік мекеме қарақұмықты, қантты, пиязды, картопты және жұмыртқаны 180% қымбатқа сатқан», - деп хабарлайды ҚМА.

Серіктес жаңалықтары