16.01.2025, 13:28
Оқиғалар
Қарағандыда балабақша өртенді: құтқарушылар 82 баланы көтеріп алып шықты
Медициналық көмек ешкімге қажет болмаған
Фото: 112 KZ
Қарағанды қаласының жекеменшік балабақшалардың бірінде өрт шығып, 82 бала құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Балабақша жертөлесінде 1 шаршы метр алаңда заттар мен электр қалқанының автоматы жанған.
«Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт жедел сөндірілді. ТЖМ күштері түтінді ғимараттан 88 адамды, оның ішінде 82 баланы тез арада эвакуациялады», - делінген хабарламада.
Оқиға орнында балаларды жылыту үшін вахтовкалар жұмылдырылған. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды