14.01.2025, 10:55
Оқиғалар
Ұлттық банк жаңа жоба ұсынды - айырбастау пункттері долларды бағадан 7 теңгеден артыққа сата алмайды
Бұл валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді төмендетуге бағытталған шара
Фото: istockphoto.com
Ұлттық Банк айырбастау пункттерінде шетел валютасын сатып алудың жаңа ережесін белгілейтін жобаны ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жобаға сәйкес айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегі АҚШ доллары үшін – 7 теңге, еуро үшін – 10 теңге деп белгілеу ұсынылады.
«Ұсынылған өзгерістер, ең алдымен, валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді төмендетуге, сондай-ақ қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін сейілтуге бағытталған», - делінген хабарламада.
Бұл шектеулер қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізілетін айырбастау операцияларына әсер етпейді.
Көп оқылған
27.06.2026, 09:19
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы пара алғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды
28.06.2026, 00:19
Маңғыстауда ауыл үстінен өткен алып шаңды құйын видеоға түсіп қалды
27.06.2026, 11:20
Қорғас тас жолындағы қайғылы апаттан бір отбасы қаза тапты
27.06.2026, 13:14
Жетісу облысындағы жол апатынан бес адам қаза тапты
27.06.2026, 08:32
Телефон мен биометрияны пайдаланатын жаңа алаяқтық: Ұлттық банк халыққа үндеу жасады
27.06.2026, 10:00
Еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды