Петропавлда қарумен адам қорқытып, ақша бопсалаған топ мүшелері 4,8 жылға сотталды
Олар жәбірленушіден 1 млн теңге талап еткен
Петропавлда қарумен адам қорқытып, ақша бопсалаған топ мүшелері 4,8 жылға сотталды. Олар 42 жастағы қала тұрғынынан 1 миллион теңге талап еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аталған қылмысты СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өткен жылдың көктемінде табиғи апатқа байланысты өңірде төтенше жағдай жарияланған кезеңде әшкерелеген еді. Полиция қызметкерлері 29 жастағы екі петропавлдықты және бұрын бұзақылық пен тонау үшін істі болған олардың 31 жастағы таныстарын ұстады.
«Тәртіп сақшылары анықтағандай, жәбірленушіні қаскөйлердің бірі таңдаған. Өйткені бір кездері олардың араларында дау-жанжал болған. Қылмыскерлер жәбірленуші ер адамнан ақшаны ең бірінші рет наурыз айында соққының астына алып талап еткен. Кейін сәуір айында оның автокөлігін шина жинақтау пунктінде байқап қалып, тағы да ақша талап ете бастаған. Ер адам қаша жөнелгенде, олар соңынан қуып, қылмыскерлердің бірі оның соңынан газды тапаншадан бірнеше рет атқан», - делінген СҚО ПБ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сот үшеуін де кінәлі деп тауып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.