$ 524.75  540.6  5.12
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Фэншуй маманы қай жерден үй алғандар бақытсыз ғұмыр кешетінін айтты (ВИДЕО)

Ол үшін адамның да энергетикасы мықты болуы керек дейді ол

Фэншуй маманы қай жерден үй алғандар бақытсыз ғұмыр кешетінін айтты  (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Үйдегі жағымды, жағымсыз энергияны анықтайтын практик маман Ақерке Ырзабекқызы қандай жерлерден үй алмау керегін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жаман энергиясы бар жерлерден үй таңдамаңыз. Үй таңдағанда оның орналасқан жері мен айналасындағы энергияның тазалығына ерекше мән беру маңызды. Фэншуйда үйлесімділікке кері әсер ететін жаман энергияға толы жерлер бар. Мұндай жерлерде үй сатып алуға немесе салуға болмайды», - деді ол.

  • Зираттар мен ауруханалардың жанында:

Бұл жерлерде ауыр энергия шоғырланғандықтан, үйдің тұрғындары жиі шаршау, денсаулық мәселелерін сезінуі мүмкін.

  • Электр станциялары мен үлкен электр бағаналарының жанында:

Электромагниттік толқындар адамдардың физикалық және психикалық денсаулығына кері әсерін тигізеді.

  • Көше қиылыстары мен үлкен жолдардың жанында:

Үйдің алдына тура бағытталған көше немесе қиылыс Ша энергиясын тудырады, бұл бақытсыздық пен тұрақсыздық әкелуі мүмкін.

  • Лас өзендер мен қоқыс тастайтын жерлердің қасында:

Мұндай орындар тек экологияға емес, үйдің энергетикалық тепе-теңдігіне де зиян келтіреді.

  • Орталығы бұзылған немесе дұрыс емес пішінді үйлер:

Үйдің ортасы бос болса немесе баспалдақ, дәретхана орналасса, бұл үйлерде үйлесімді энергия болмайды.

«Фэншуй бойынша үй таңдаған кезде, ең бастысы – үйдің айналасындағы энергияның үйлесімді, тыныш және тепе-теңдік жағдайында болуы. Егер сіздің мешіт маңындағы үйіңіз осы қасиеттерге сәйкес келсе, ол сіз үшін жайлы болуы мүмкін. Мешітте қуатты рухани энергия жинақталады. Бұл энергия барлығына бірдей қолайлы болмауы мүмкін, әсіресе, егер адамның жеке энергетикасы әлсіз болса», -дейді Ақерке Ырзабекқызы.

Серіктес жаңалықтары