$ 524.75  540.6  5.12
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтаудағы қыздың сұмдық өлімі: прокуратура сотқа аппеляциялық шағым түсірді

Іс қазір осы деңгейде қаралып жатыр

Ақтаудағы қыздың сұмдық өлімі: прокуратура сотқа аппеляциялық шағым түсірді
Фото: видеодан скриншот

Маңғыстаудың облыстық прокуратурасы резонанс тудырған жас қыздың суицидіне қатысты сот шешімімен келіспей, жоғарғы сатыларға аппеляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2024 жылғы 19 желтоқсанда жәбірленушіге қарсы жасалған қылмыстар үшін басты айыпталушыны 20 жылға, ал оның төрт сыбайласын 7 жылдан 8,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Өз кезегінде прокурор жарыссөзде басты айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды, ал қалған қатысушыларды 15 жылдан 16 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады», – деп хабарлады прокуратура.

Сот өзге шешім шығарғандықтан, облыстық прокуратура жаза мерзіміне келіспей, 5 қаңтарда аппеляцияға берген.

«Қазіргі таңда іс аппеляциялық кезеңде қаралып жатыр», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін Ақтауда фитнес-тренерді үйіне жалғыз бара жатқан жерінен 5 адам күштеп көлікке салып, кейін түні бойы қинап, есірткіге тойдырып зорлағанын жазған едік. Осы оқиғадан 3 күн өткен соң жас қыз 9-қабаттан секіріп, суицид жасады.

Серіктес жаңалықтары