$ 524.75  540.6  5.12
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ҚМА: Қазақстандағы «дропперлердің» 90% астамы – шетелдіктер

Агенттік олар туралы ақпаратты өз елдерінің құқық қорғау органдарына жіберген

ҚМА: Қазақстандағы «дропперлердің» 90% астамы – шетелдіктер
Фото: © istockphoto.com

2024 жылы Қазақстандағы «дропперлердің» 90 пайызы резидент емес адамдар. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, қылмыстық кірістерді заңдастыру үшін биыл осындай 6,2 мың адамның картасы қолданылған екен.

«Бұл карталар арқылы айналымның жалпы сомасы 24 миллиард теңгеге жетті. Ақшаны заңсыз жылыстатқысы келгендер үшінші тұлғаларға тіркелген байланыс операторларының SIM карталарын пайдаланған. Көбінесе «дроп-карталар» есірткі саудасы, кибералаяқтық, заңсыз құмар ойындар және басқа да қылмыстық әрекеттерге байланысты схемаларда қолданылған», - деп хабарлайды ҚМА.

Біз бұған дейін дропперлер көбіне студенттер мен зейнеткерлердің карталарын қолданады деп жазған едік. Қаржы мониторинг агенттігі де дропперлер ретінде жұмыссыз, студент, зейнеткер сияқты адамдардың аңқаулығын пайдаланған.

«Мұндай карталардың иелерінің 90%-дан астамы резидент емес тұлғалар болған. Олар туралы ақпарат шетелдік мемлекеттердің құқық қорғау органдарына жіберілді», - деп хабарлайды ҚМА.

Серіктес жаңалықтары