06.01.2025, 17:30
Оқиғалар
Әжесі пешке байқамай бензин құйып жіберген - бір үйдің бес қызы тірідей жанып кетті
Бүгін Абхазия аза тұтып жатыр
Фото: Абхазия/ТЖМ
Абхазияның Гала ауданы Папынырхуа ауылында жеке үйде өрт шығып, бір үйдің 5 баласы жанып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Балалар әжесінің қасында қалған. Балалардың ата-анасы үйде болмаған. Олардың анасы ауруханада жатып, әкесі соған кеткен екен. Қария өрттен дін аман шыққан.
Елдің ТЖМ басшысының міндетін атқарушы Лев Квициния қаза тапқандардың бәрі қыз бала екенін хабарлады. Олардың ең кішісі сегіз айлық нәресте болса, ең үлкені сегіз жастағы қыз бала. Ресми органның өкілі өрттің себебін айта келе, қыздардың әжесі пеш жағарда керосиннің орнына бензин құйып жіберген дейді.
Гала ауданы Абхазияның шығысында орналасқан. Бес періштенің өліміне байланысты бүгін Абхазия Аза тұтып жатыр.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
