05.01.2025, 10:06
Оқиғалар
Қызы Жаңа жыл түні қарттар үйінен келген анасын скотчпен тұншықтырып өлтірген
Қызының айтуынша, анасы ашуына тиген көрінеді
Фото: istockphoto.com
Жапонияның Икагура қаласында 80 жастағы анасын өлтірді деген күдікпен 56 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Japantoday-ге сілтеме жасап.
Күдікті Киоко Иноуэ өз үйінде түнгі уақытта қарт шешесінің ауызын жабысқақ таспамен буып, аяқ-қолын матап тастаған. Иноуэнің күйеуі таңертең диванда қимылсыз жатқан енесін көріп, полиция шақырған. Ауруханаға жеткізген соң, әйелдің көз жұмғаны анықталады.
Иноуэнің анасы қарттар үйінде тұрған, ол жаңа жыл мерекесін қызымен бірге қарсы алуға қонаққа келген. Күдікті полицияға анасымен ұрысып қалған соң, оны тыныштандырмақ болып байлап тастағанын айтқан.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды