Қыста күн жылынып кетті – Арқалық әкімдігі Ақшақардың «макияжы» неге ағып кеткенін айтып берді
Әкімдіктің айтуынша, Аяз Ата мен Ақшақардың мүсіні тегін салынған
Арқалық әкімдігі қаладағы ұсқынсыз Аяз Ата мен Ақшақардың мүсініне қатысты редакцияның сұрауына жауап беріп, мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Айта кетейік, бүгін, 30 желтоқсан күні telegram арналарда Арқалықта тұрған Аяз Ата мен Ақшақардың видеосы тарады. Мүсіндердің ұсқынсыз болғаны соншалық, халықтың пікірінше, бұларды көрген балалар түгел, үлкен адамдар қорқады.
«Наурыз» алаңында орналасқан қардан жасалған мүсіндер мен сырғанақты орнатуға бюджеттен ақша бөлінген жоқ. Оны қалалық ұйымдар мен мекемелер орнатты. Сондай-ақ, қар фигураларын орнатқаннан кейін күн жылынып, мүсіндер еріп кеткен. Бұл келеңсіздіктер жақын арада жойылады», - деп жазды Арқалық әкімдігінің баспасөз қызметі.