29.12.2024, 04:00
Оқиғалар
Қосшыда сұлулық салонынан өрт шықты
Төрт адам ауруханаға жатқызылды
Фото: depositphotos.com
Қосшы қаласындағы тұрғын үйлер кешенінде өрт шығып, 47 адамның өміріне қауіп төнді. Төтенше жағдайдың себебі — жертөледе орналасқан сұлулық салонының электр сымдарының тұйықталуы, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт салоның төбе жабынына, одан әрі үйдің жоғарғы қабаттарына тарады.
Оқиға орнына шұғыл жеткен ТЖМ құтқарушылары жедел әрекет етіп, баспалдақ арқылы 43 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялады. Қосымша 4 адам, соның ішінде 3 бала, автосатының көмегімен жоғарғы қабаттардан қауіпсіз жерге шығарылды.
«Өрт толығымен сөндіріліп, тұрғын үйдегі қауіп жойылды. Алайда, жану өнімдерінен уланған төрт адам ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
18.08.2026, 09:34
Астанада жасөспірім қыз бала тұрғын үйден құлап, мерт болды
18.08.2026, 09:42
Іле ауданында жер үйден шыққан жылан жұртты шошытты (ВИДЕО)
18.08.2026, 16:52
Ұлдана Мырзуанның қазасы бойынша сот отырысы: Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінен бас тартты
18.08.2026, 15:35
Астанада Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты алғашқы сот отырысы басталды