$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркия әуежайында қалған 10 жастағы бала: «Air Astana» ресми мәлімдеме жасады

«Air Astana» әуекомпаниясының өкілдері бәрін ережеге сай істедік дейді 

Түркия әуежайында қалған 10 жастағы бала: «Air Astana» ресми мәлімдеме жасады
Фото: Air Astana

«Air Astana» Анталья әуежайында 2 күн бойы жападан-жалғыз қалған 10 жастағы баланың жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әуекомпания төлқұжаты жоғалғанына жолаушының өзі жауапты екенін айта келе, ҚР консулдығына болған оқиғаны жедел баяндағанын жеткізген.

«Депортациялау туралы шешімді қабылдаушы елдің көші-қон қызметі қабылдайды. Сондай-ақ, баланы ұстау шарттарын Түркияның көші-қон қызметі белгілейді. Өз тарапынан әуекомпания баланы үш реттік тамақпен және психологиялық қолдаумен қамтамасыз етті және жағдайды тез арада шешу үшін ҚР консулдығымен және Түркияның көші-қон қызметімен тұрақты байланыста болды.

Бұл жағдайда әуекомпания көші-қон қызметінің ұйғарымын орындауға міндетті және ол орындалды: бала Қазақстанға жақын арада тікелей рейспен қайтарылды. Бұл үшін ережеге сәйкес оның кері билеті пайдаланылды», - делінген хабарламада.

Осыған дейін Қазақстаннан Түркияға футбол турниріне аттанған 10 жастағы бала құжатын жоғалтып алып, әуежайдың депортациялау бөлмесінде екі күн бойы жалғыз қонғанын жазған едік. Адвокат Данилхан Шағатаев балаға бас-көз болу «Air Astana» әуекомпаниясының қызметкеріне жүктелгенін, бірақ қызметкер өз жұмысын жауапкершілікпен атқармағанын айтқан. Соның себебінен бөтен елде қараусыз қалған кішкентай ұл бала өздігінен тамақ сұрап жеуге мәжбүр болғанын мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары