$ 521.81  543.67  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Оларды мақтан тұтамын»: Ақтауда қаза болған экипаж мүшелерінің әріптесі жантебірентерлік жазба арнады

Ол әуе компаниясында нұсқаушы болып еңбек етеді

«Оларды мақтан тұтамын»: Ақтауда қаза болған экипаж мүшелерінің әріптесі жантебірентерлік жазба арнады
Фото: arzu.suleymanov

«Әзербайжан әуе жолдары» әуе компаниясында бортсеріктердің нұсқаушысы Арзу Сулейманов Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқан компания экипажының мүшелері жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл компанияда Embraer-190 HG ұшағы пайдалануға берілгеннен бастап бортсеріктердің нұсқаушысы ретінде жұмыс істеп келемін. Капитан Игорь Кшнякинмен 15 жылға жуық бірге ұштым. Жазғы маусымда көп рейс болғанда «білек сыбана жұмыс істейміз» деп айтатын. Хокума Алиевамен біз соңғы 8 жылда көп рейсте бірге ұштық. Ал біздің екінші ұшқышымыз Александр Кальянинов жұмысқа жақында қосылды. Біз екі-үш бірлескен рейс қана жасадық», - дейді Арзу Сулейманов.

Оның айтуынша, ұшақ апатында қаза тапқан Хокума Алиева аға бортсерік болған.

«Хокума Алиева аға стюардесса лауазымына емтихан тапсырар кезде оған мынандай сұрақ қойдым. «Хокума ханым, төтенше жағдайда жолаушыларға не дейсіз?» дедім,  ол «біздің экипажға сеніңіз, нұсқауларды орындаңыз, бәрі жақсы болады» деп жауап берді. Хокума уәдесін орындады әрі өзі айтқандай әрекет етті. Қаһарман ұшқыштарымыз бен жанқияр стюардессаларымызбен жұмыс істегенімді мақтан тұтамын. Мен Хокуманың әріптесі болғанымды және оған сабақ бергенімді үлкен мәртебе санаймын. Оның батыл әрекеттері стюардесса мамандығының беделін арттырып қана қоймай, бүкіл әлемге қауіпсіздіктің бәрінен жоғары екенін тағы бір рет дәлелдеді», - деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.

Ұшақ апатында 5 экипаж мүшесі болған, оның үшеуі қаза тауып, екеуі аман қалды.

Айта кетсек, Бакуден Грозныйға бағыт алған «Әзербайжан әуе бағыттары» компаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады. Бортта 42 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған. Барлығы 38 адам қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары