26.12.2024, 10:18
Оқиғалар
Бес журналист тірідей жанып кетті - олардың көлігіне бомба түскен
Журналистер Газа секторында қызмет еткен
Фото: Khamis Said/Reuters
Газа секторында журналистердің көлігіне Израильдің бомбасы түсіп, 5 тілші қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy CNN-ге сілтеме жасап.
Газада орналасқан «Палестинаның исламдық жихад» қозғалысына қатысы бар «Al-Quds Today Television» журналистерінің көлігі аурухананың жанында тұрған. Соққы жасалған кезде бес тілші көлікте ұйықтап жатқан. Олардың ақпарат құралы екенін білдіретін «TV» және «PRESS» деген сөздер үлкен әріптермен машинаның артқы есіктеріне жазылған. Бомба түскен көлік бірден отқа оранған.
Журналистерді қорғау комитетінің (CPJ) мәліметінше, былтыр 7 қазанынан бастап Газа секторында, Израильде және Ливанда кем дегенде 141 журналист пен БАҚ қызметкері қаза тапқан.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды