25.12.2024, 21:18
Оқиғалар
Ақтау түбінде құлаған ұшақта болған Қазақстан азаматтары қаза тапқан – министр
Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшқан
Фото: видеодан скриншот
Ақтау маңында құлаған ұшақта Қазақстанның алты азаматы болған. Олардың барлығы апаттан қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстаннан алты жолаушы болған. Өкінішке қарай біздің отандастар қаза тапты»,- деді көлік министрі Марат Қарабаев Ақтауда өткен брифингте.
Ұшақта барлығы 67 адам, соның ішінде экипаждың бес мүшесі болған. 38 адам көз жұмды, 29 адам аман қалған, тірі қалғандар арасында экипаждың үш мүшесі бар.
Еске салайық, бүгін Бакуден Грозныйға бет алған «Әзербайжан әуе бағыттары» компаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында құлап түсті. Бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған.
Көп оқылған
11.02.2026, 17:25
Рамазан-2026: Қазақстанда пітір садақа мөлшері 735 теңге болып бекіді
11.02.2026, 12:58
Айгүл Сайлыбаеваның өлімі: Бас прокуратура күдікті күйеуі мен енесіне қатысты тың мәлімет жариялады
11.02.2026, 11:30
«Он алты жұмыртқамды мұздатып қойдым»: Қазақстанда аналық жасушаны «қатыру» үшін неше теңге кетеді
11.02.2026, 20:11
Шымкентте жол бойында жаппай төбелес болып, 3 адам қамауға алынды