$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

2024 жылдың қорытындысы: спорттағы ТОП-10 жетістік

Спорт саласындағы айшықты оқиғалардың топтамасын ұсынамыз

2024 жылдың қорытындысы: спорттағы ТОП-10 жетістік
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Azattyq Rýhy 2024 жылы спорт саласында болған ТОП-10 жетістікті назарларыңызға ұсынбақ.

Қазақстан тарихындағы дзюдодан алғашқы алтын медаль

Спорт саласындағы биылғы басты оқиға Парижде өткен Олимпиада ойындары болды. 16 күнге созылған спорт додасында 205 ел бақ сынап, 93 елдің өкілі жеңіспен оралды. Қазақстан жалпы командалық есепте 43-орынға жайғасты. Еліміз бір алтын, 3 күміс, 3 қола медальді місе тұтты. Қазақстан тарихында қоржынға дзюдодан алғашқы алтын түсті. Елдос Сметов 60 келі салмақта жеңімпаз атанды. Елдос Сметов өз мансабында үшінші рет Олимпиада жүлдесін алды. 2016 жылы Рио Олимпиадасында күміс алған ол Токиода қола жүлдегер атанған еді. 

Парадзюдодан ел қоржынына түскен алғашқы алтын

28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында XVII жазғы Паралимпиада ойындары өтті. Париж Паралимпиадасы да спортшылар үшін өте сәтті өтті. Парадзюдодан J2 санаты бойынша 48 келі салмақта белдескен Ақмарал Науатбек ел тарихындағы бірінші алтын медальді жеңіп алса, J1 санаты бойынша 73 келі салмақта Ерғали Шәмей күміс жүлдегер атанды. Тағы бір алтынды пауэрлифтингтен Давид Дегтярев жеңіп алды.Қазақстан Парижде өткен 2024 жылғы Паралимпиаданы тоғыз наградамен, оның ішінде екі алтын медальмен аяқтап, елдер бойынша жалпы есепте 39-шы орынға жайғасты.

Футзалдан әлем чемпионын жеңген қазақстандық команда

14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында футзалдан оныншы әлем чемпионаты Өзбекстанда өтті. Бұл сайыста Бразилия құрамасы болды әлем чемпионы атанды, ол финалда Аргентинаны 2-1 есебімен жеңді. Алайда бұл чемпионатта Қазақстан құрамасының өнер көрсеткені жанкүйердің есінде қалып, ұмытылмас эмоция сыйлады. Футзалдан Қазақстанның ерлер командасы 1/8 финалында жеңіске жетті. 1/4 ойынында біздің команда Португалиядан келген қазіргі әлем чемпиондарына қарсы ойнады. Есепті Шыңғыс Есенаманов ашты. Екінші кезеңнің соңында Дәурен Тұрсағұлов біздің команданы тағы да алға шығарды. Нәтижесінде оның голы құраманы жеңіске жеткізді. Қазақстан әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Португалия өз кезегінде титулды қорғай алмады.

Көшпенділер ойындарындағы жеңіс

8-13 қыркүйек күндері Қазақстан астанасында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті.  5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында апта бойы 21 спорт түрінен әртүрлі жарыстар өтті. Дүбірлі додаға 89 мемлекеттен 2500-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы барлығы 114 медаль олжалады: 44 алтын, 33 күміс, 37 қола медаль алған еліміз командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Қоржынында 64 медалі бар Қырғызстан (18 алтын, 21 күміс, 25 қола) екінші орын, 34 медалі бар Өзбекстан (11 алтын, 12 күміс, 11 қола) үшінші орынға жайғасты.

 Үш түрлі жас санатындағы әлем чемпионы атанған балуан

Биыл Ризабек Айтмұхан Албания астанасы Тиранада өткен әлем чемпионатында (U23) жеңімпаз атанды.Ұлттық құрама спортшысы 97 келіге дейінгі салмақтың финалында ирандық қарсыласы Махди Мұхарамәли Морафаны ұтты. Осылайша, Ризабек 3 түрлі жас санатында әлем чемпионатында алтын алған тұңғыш қазақ балуанына айналды. Еске сала кетейік, Ризабек былтыр Белградта ересектер арасында (92 келіге дейінгі салмақ), ал биыл Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі балуандар арасында әлем чемпионы (97 келігедейінгі салмақ) атанған.

Таиландағы Азия чемпионатындағы бокстың көрсеткіші

Қазақстан бокстан Азия чемпионатын Таиландта үш жеңіспен аяқтады. Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Өзбекстан боксшысын 4:1 есебімен жеңіп, 86 келі салмақта Азия чемпионы атанды. Ал бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай ауыр салмақта алтын алды.  Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін) да Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.

UFC-дегі қазақтардың жеңісі

UFC-де өнер көрсетіп, жеңіске жеткен отандастарымыз аз емес. Олардың арасында танымалы - 19 рет жеңіске жеткен Шавкат Рахмонов. Биыл оның жеңісі қазақстандықтарға ерекше қуаныш сыйлады. Тартысты жекпе-жекте жеңіліс көрмеген қазақстандық, UFC файтері Шавкат Рахмонов ирландиялық Ян Гарримен жұдырықтасты. Қазақстандық спортшы UFC-тің мықты жауынгері екенін дәлелдеді. 

Шахмат рейтингінде беделі артқан қазақ қыздары

Мажарстанда өткен Олимпиадада тамаша өнер көрсеткен шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелері қыздар арасындағы әлемдік топ-100 рейтингісінде өз позицияларын жақсартты. 1 қазанда Халықаралық шахмат федерациясы (fide) планетадағы ең жақсы шахматшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Қыздар арасында fide жаңа рейтингінде Бибісара Асаубаева екінші орында (2487), Меруерт Камалиденова — сегізінші орында (2378), Алуа Нұрман — 10-шы орында (2356), Ксения Балабаева — 12-ші сатыда (2335), ал Амина Қайырбекова топ-25 (2288) орында тұр.

Жеңіл атлетикадан Әлем кубогінің жеңімпаздары

Асан Сәлімов пен Дарья Ясинская FIG World Challenge Cup 2024 жеңімпаздары атынды. Спорттық гимнастикадан Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен Challenge Cup жарысында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль иеленді. Финалдың алғашқы күнінде Дарья Ясинская қол тіреп секіру жаттығуында жүлдеге таласып, 13.166 ұпаймен тұғыр биігіне көтерілді. Бұл - 20 жастағы Дарья үшін Challenge Cup жарысының алғашқы медалі. Артынша ерлер арасындағы қол тіреп секіру жаттығуында Асан Сәлімов ел намысын қорғап, 14.300 ұпаймен қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды.

Хоккейден Қазақстан құрамасы тұңғыш рет Азия чемпионы атанды

2024 жылғы 6-9 қараша аралығында Алматыда шайбалы хоккейден тарихтағы алғашқы Азия чемпионаты өтті. Турнирге Қазақстан, Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея құрамалары қатысты.Шешуші матчта Қазақстан құрамасы Жапония құрамасын 5:1 есебімен жеңді. Осылайша, Қазақстан Азия чемпионы атанды.

Серіктес жаңалықтары