Мұғалім шыршадан құлап, мертіккен соң Семейдің әкімі қызметінен кетті - ресми ақпарат
Нұрбол Нұрсағатов 2022 жылы 7 қазанда Семейдің әкімі болып тағайындалған еді
Семейдің әкімі Нұрбол Нұрсағатов орнын босатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол бұған дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары болған. ШҚО әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасының, Алматы қаласында құрылыс басқармасының, Нұр-Сұлтан қаласы қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы қызметін атқарған. Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» және «Алматы» аудандарының әкімі болған.
Еске салсақ, Семейде шырша тігіп жүрген мұғалімнің жарақат алғанын хабарлағанбыз. Қазір мұғалім Қуат Айтқали жансақтау бөлімінде жатыр. Оның миына қан құйылып, бас сүйегі сынған. Осыған байланысты қалалық білім бөлімі басшысы қызметінен босатылған еді.