$ 523.72  544.09  5.2
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Әкім кетсін»: Павлодарда су құбыры жарылып, бір көше су астында қалды

Көше бойы түгелдей дерлік суға кеткен

«Әкім кетсін»: Павлодарда су құбыры жарылып, бір көше су астында қалды
Фото: скриншот

Павлодарда су құбырында апат болып, қала орталығындағы даңғыл тұтасымен суға кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде жарияланған видеоға қарағанда, жеңіл көлік су құбырына келіп соққан. Су қатты қысыммен құбырдан атқылап жатыр. Көше бойы түгелдей дерлік суға кеткен.

Қала әкімдігі болған оқиғаға байланысты жауап берген.

«22 желтоқсанда түнгі сағат 22.30-да көлік апаты болып, Назарбаев даңғылындағы сумен жабдықтайтын айналма құбырға зақым келді. Қазіргі уақытта қауіп жойылды, сумен жабдықтау қалпына келтірілді. Жағдай бақылауда», - делінген хабарламада.

Желі қолданушылары құбыр жұмысының көктемде басталып, әлі күнге дейін аяқталмай жатқанына наразы болып, ашулы пікірлер қалдырған.

«Құбыр неге жол ортасында тұр, ерте ме, кеш пе апат болатыны белгілі еді», «Құбыр қоршалмаған, не айналасына жарық қойылмаған. Жаз бойына құрылыс жүрді, бірақ аяқтамай тастап кетті», «2024 жылдың сәуір айынан бері Лермонтов-Назарбаев даңғылынан Естай көшесіне дейін пластик құбырды тастады. Бір жерді қазып, көмеді де жатады. Мердігердің кәсіби емес екені көрініп тұрады, өмірі бітпейтін жөндеу жұмыстары қашан аяқталады? Осы құбырдың бойындағы қаншама кәсіпкерлер, ұйымдар зардап шегіп келеді! Шығынға ұшырап жатыр. Мына мәнсіз құрылыс қашан бітеді», «Жылдағыдай жағдай», «Әкім кетсін», - деген пікірлер жазылған.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#апат #Павлодар