Полицияның көлігіне ақша тастап кеткен Астана тұрғынының басы дауға қалды (ВИДЕО)
Жалпы, полицияға пара беруге тырысқан 70 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі өз қызметкерлеріне пара беруге ұсынған 70 адамның үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Дереккөзге сүйенсек, қазір полиция қызметкерлерінің де, азаматтардың да әрекеті бейнебақылау камераларына, регистраторлар мен смартжетондаға жазылады. Полиция сондай оқиғалардың бірнешеуін мысалға келтіріп, халықты заң мен тәртіпті сақтауға шақырды,
«Мысалы, Астана қаласында бір азамат жауапкершіліктен құтылу үшін полицияның машинасына ақша тастап кеткен. Ол қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Тағы бір мысал, Көкшетау қаласында ер азамат қылмыстық жазадан жалтару үшін полиция қызметкерлеріне 500 мың теңге ұсынған. Іс сотқа жолданды», - деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.