Новости спорта, футбол, КПЛ

Үйінде есірткі шөбін өсірген Шымкент тұрғыны ұсталды

Сараптама нәтижесі бойынша аталған өсімдіктер есірткі затына жатататыны расталды

Шымкентте үйінде есірткі шөбін өсірген азамат анықталып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

4 мамырда Шымкент қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізу барысында 53 жастағы Еңбекші ауданы тұрғынының үйінен құрамында есірткі заты бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру фактісін анықтады.

«Үй ауласын тінту барысында есірткі құрамдас өсімдіктерді өсіретін құмыралар табылды. Сараптама нәтижесі бойынша аталған өсімдіктер есірткі затына жатататыны расталды», - делінген хабарламада.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.