$ 516.93  542.52  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 09:58
Оқиғалар

Жамбыл облысының 7 мың адамына смс жібермей қойған «112» қызметінің басы дауға қалды

Іске табиғатты қорғау прокуратурасы араласқан

Жамбыл облысының 7 мың адамына смс жібермей қойған «112» қызметінің басы дауға қалды
Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысындағы 7 мыңнан астам адам «112» қызметінен смс ала алмай қалған. Бұған аймақтағы прокутатура араласып, 7860 абонет енді төтенше жағдай туралы ескерту алып отыратын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дәлірек айтсақ, Жамбыл облысының табиғатты қорғау жөніндегі арнаулы прокуратурасы төтенше жағдай қызметінің жұмысына тексеру жүргізген.

«Тексеру барысында «112» кезекші-диспетчерлік қызметі Жамбыл облысында ауа райы, су тасқынының қауіпі туралы смс-ті «IZI» және «Forte Mobile» ұялы операторларын қолданатын 7 мыңнан астам адамға жібермей қойған. Осылайша, осы адамдардың құқықтарын бұзып, өміріне қауіп төндірген. Іске прокурорлар араласқан соң,  7 860 абонентке енді «112»-ден смс келетін болды», - деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасы.

Серіктес жаңалықтары