20.05.2020, 05:39
Оқиғалар
Алматыда лай көшкіні жүруі мүмкін
Төтеншеліктер сақ болуға шақырады
Алматы қаласында лай көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды 24.kz қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.
«Өткен тәулікте жаңбыр жаууына байланысты және «Қазгидромет» РМК дабылды ескерту негізінде 19-22 мамыр аралағында Алматының таулы аймақтарында лай көшкіні жүруі мүмкін», - делінген хабарламада.
Алматы қаласы Төтенше жағдай департаменті қала тұрғындарына сақ болуға керегін ескертті.
«Осыған байланысты қаланың таулы бөлігінде тұратын тұрғындар сумен жабдықтау желілері мен септикалық резервуарларды пайдалану кезінде сақ болу қажет. Сумен жабдықтау желілері бұзылған жағдайда қондырғыны сөндіріңіз. Лай көшкіні жүруі мүмкін аумақта қазба және басқа жұмыстарды жүргізбеуге кеңес береміз», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды