$ 521.57  601.01  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында 72,5 млн теңгеден асатын газ құбырларын ұрлағандар ұсталды

Күдіктілер Алматы облысының тұрғындары болып шықты

Жетісу облысында 72,5 млн теңгеден асатын газ құбырларын ұрлағандар ұсталды
Фото: Видеодан скриншот

Жетісу облысының Ақсу ауданында құны 72,5 млн теңгеден асатын газ құбырларын ұрлағандар қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияға «Транс Азия Констракшн» ЖШС директоры арызбен жүгінген. Оның айтуынша, белгісіз адамдар Алматы-Өскемен тас жолының Қызылағаш және Жансүгіров ауылдарының арасындағы учаскесінде орнатылып жатқан 27 бірлік газ құбырын ұрлап кеткен.

«Магистральдық газ құбырының құрылысы «Талдықорған-Үшарал» тас жолында жүргізілуде, оның құны 131,7 млрд теңгеге бағаланады. Жоба 302 км газ құбырын салуға, алты автоматтандырылған газ тарату станциясын орнатуға және жалпы халқы 124 мыңға жуық 66 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге бағытталған.

Жетісу облысының полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында Алматы облысының тұрғындары болып шыққан үш күдікті анықталып, құрықталды. Ұсталғандардың барлығы қамауға алынды, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары