$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да жеке үй өртеніп, бірінші топтағы мүгедек зейнеткер тірідей жанып кетті

Өртенген аумақ 55 шаршы метрді құрады

СҚО-да жеке үй өртеніп, бірінші топтағы мүгедек зейнеткер тірідей жанып кетті
Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Булаев қаласында қайғылы оқиға болды. Түнгі уақытта болған өрттен жетпіс жастағы бірінші топтағы мүгедек зейнеткер қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, қарт кісі үйде жалғыз болған. Ол өрт тұтанған сәтте ұйықтап жатқан, әрі қозғалу мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, оттан қашып құтыла алмаған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде, үй толықтай отқа оранып, төбесі құлап түскен. Сондай-ақ өрт көрші үйдің қора-қопсысын да шарпыған. 

«Құтқарушылар оқиға орнына сағат 03:42-де жетті. Өртенген аумақ 55 шаршы метрді құрады. Марқұмның мәйіті қирандылар арасынан табылды. Өрттің шығу себебін анықтау үшін бірқатар сараптама тағайындалды», – деп мәлімдеді СҚО ТЖД басқармасы бастығының орынбасары Аян Құсайынов

Қазіргі таңда өрттің нақты себептері тексеріліп жатыр. Мамандар оқиғаға байланысты сараптама нәтижелерін күтіп отыр. 

Серіктес жаңалықтары