29.11.2024, 21:22
Оқиғалар
Қарағандыда төрт жасар бала пәтерде жалғыз өзі қамалып қалған
Бүлдіршін аман-есен туыстарына тапсырылды
Фото: depositphotos.com
Қарағандыда төрт жасар бала пәтерде жалғыз өзі қамалып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Қарағанды қаласында көпқабатты үйдің алтыншы қабатында жабық пәтерде кішкентай бала қалып қойғаны туралы қоңырау түскен. Бала үйде әжесімен бірге болған, ол кісі аз ғана уақытқа кіреберіске шыққан кезде есік жабылып қалыпты.
«Құтқарушылар дереу оқиға орнына шықты. Пәтерге кіру үшін өрт сөндірушілер автосатыны пайдаланып, бөлмеге балкон арқылы кіріп пластикалық терезені арнайы құралы арқылы ашты. Бөлмелердің бірінде шынымен бала болған. Қуанышымызға орай, төрт жасар бала медициналық көмекке мұқтаж болмады және аман-есен туыстарына тапсырылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді