$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.11.2024, 17:27
Оқиғалар

Ақтөбенің зейнеткері бірнеше күн қолданған диван үшін 350 мың теңгесін қайтарып алды

Дүкеннен алған диваны ұнамай қалған әже құзырлы органға арызданған

Ақтөбенің зейнеткері бірнеше күн қолданған диван үшін 350 мың теңгесін қайтарып алды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

2024 жылдың қарашасында Ақтөбедегі дүкендердің бірі зейнеткер әйелге 350 мың теңгенің диванын сатқан. Алайда, зейнеткер әйел диванды бірнеше күн қолданған соң оның ақауы бар екенін байқаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұны көрген әже дүкенге барып, ақшасын талап еткен. Алайда, дүкен әкімшілігі оған ақшаны қайтарып бергісі келмей, диванды басқасына ауыстырып берейік деген.

«Үміті үзілген әйел Ақтөбе облысы бойынша Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне жүгінуге мәжбүр болды. «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңның 15-бабының 6-тармағына сай, егер тауар нашар болса, тұтынушы келісімшартты бұзуға және төленген соманы қайтаруды талап етуге құқылы. Дүкен ақшаны қайтаруға міндетті еді, өйткені тауар сапасыз болып шықты. Біз тұтынушыға дұрыс шағым жазуға көмектесіп, әділеттілік орнатуға мүмкіндік бердік», – деді департаменттің жетекші маманы Ақылбек Сейтенов.

18 қарашада жазбаша шағым түскеннен кейін дүкен ақшаны қайтаруға келіскен. Әйел оларға диванын, ал дүкен оның 350 000 теңгесін толық қайтарып берген. 

Серіктес жаңалықтары