$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.11.2024, 09:51
Оқиғалар

Қарағандыда кешқұрым болған қорқыныштың апаттың видеосы тарады (ВИДЕО)

Апат салдарынан бір жүргізуші қаза тапқан

Қарағандыда кешқұрым болған қорқыныштың апаттың видеосы тарады (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Кеше, 20 қараша күні кешкі сағат 18:12-де Қарағанды облысында болған жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазір әлеуметтік желіде кешқұрырым болған жол апатының видеосы тарады. Бейнежазба авторлары бір-бірімен соқтығысқан бес көліктің және өкінішке қарай мерт болған жүргізушінің де видеосын түсіріп алған.

Қарағанды облысының полиция департаменті хабарлағандай, апат «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 1063 шақырымында, яғни, Теміртау мен Осакаровка елді мекендерінің маңында болған.

«2024 жылдың 20 қарашасында кешкі сағат 18:12-де «SHACMAN» маркалы үш жүк көлігі мен «Volvo» маркалы тағы екі жеңіл көлік соғылды. Салдарынан бір жүргізуші оқиға орнында қаза тапса, тағы бір жүргізуші ауруханаға түсті. Полиция жол апатына қатысты фактіні тіркеді», - деп хабарлайды Қарағанды облысының полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары