$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Алматы»: мектептегі тамаққа немқұрайлы қарайтын әкімдер белгілі болды

Бұл тізімде Шымкент қаласының да әкімі бар

«Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Алматы»: мектептегі тамаққа немқұрайлы қарайтын әкімдер белгілі болды
Фото: istockphoto.com

Жамбыл, Маңғыстау, Алматы және Атырау облыстарының әкімдіктері мектептегі сапалы тамақтануға тиісті деңгейде көңіл бөлмейді. Бұл туралы бүгін оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy

Бұл тізімде Шымкент қаласының да әкімі бар. Жалпы, министрдің мәліметінше, аймақтағы мектеп асханасының сапасыз болуы – сол жердегі атқарушы орган, яғни, әкімдердің дұрыс бақылау жүргізбеуінен туындап отырған мәселе.

«Оқу-ағарту министрлігі жүргізген мониторинг заң талаптарын бұзған 771 фактіні анықтаған. Жамбыл, Маңғыстау, Алматы, Атырау облыстарының және Шымкент қаласы әкімдіктерінің тарапынан мектептерде сапалы тамақтануды ұйымдастыруға тиісті деңгейде көңіл бөлінбей отырғандығы анықталды», - деп хабарлады министр бүгін.

Бұдан былай, Ғани Бейсембаев атап өткендей, заң бұзған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

Естеріңізге сала кетейік, оқу жылы енді басталған кезде Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылында 400 бала астан уланып қалған болатын. 

Серіктес жаңалықтары