19.11.2024, 11:39
Оқиғалар
Өзім болсам сертификатты жыртып тастар едім - желіде мың теңгенің сертификаты сынға қалды
Суреттің қай жерде түсірілгені туралы мәлімет жоқ
Фото: скриншот
Әлеуметтік желіде жас жігіттің мың теңгелік сертификат алып тұрған фотосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Суретте байқалғандай, жас жігітке әйел адам қандай-да бір оқиғаның құрметіне мың теңгенің сертификатын табыстап тұр. Олар фотоға түскен кабинетте сайлау кезіндегі герб бейнесі салынған әйнек жәшік, көк мата жабылған үстел тұр.
Желі қолданушылары фотоға қатысты әртүрлі пікір қалдырды.
«Тым жомарт екен», «ол жерде сайлау бюллетенін тастайтын жәшік тұр, соған қарағанда жігіт 18-ге толған сияқты, дауыс беруге келгені үшін оған кішігірім сыйлық берген», «бала сабырлы екен, оның орнында болсам сертификатты жыртып тастап кетер едім», деп жазған көпшілік.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
03.10.2026, 08:23
Қазақстан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде 13 медаль жеңіп алды