12.11.2024, 16:40
Оқиғалар
Елу көлікті өртеп жіберген: Амстердамда тәртіпсіздік жалғасып жатыр
Полиция өз болжамын айтты
Фото: t.me/BILD_Russian
Амстердамда тағы да тәртіпсіздік болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі BILD-ке сілтеме жасап.
Палестина жалауын көтерген, антисемиттік көзқарастағы ұрандар ұстаған бір топ жас трамвайды өртеп, отшашу атып, оны автокөліктерге лақтырған.
Полиция оларды таратып, қуып, кейбірін ұстаған. Сонымен бірге Схипхол әуежайына жақын маңда алапат өрт болып, 50 автокөлік жанып кеткен. Полиция өртке қаладағы тәртіпсіздікті ұйымдастырып жүрген топтың қатысы болуы мүмкін дейді.
Тәртіпсіздіктің себебі анықталған жоқ, дегенмен мұның өткен аптадағы израильдіктерге шабуыл жасау оқиғасының жалғасы деген болжам бар.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды