$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай мен БҚО-да қатарластарына буллинг жасаған балалардың ата-аналары жазаланды

Сот бір оқушының ата-анасына ескерту берсе, екіншісіне айыппұл салған

Қостанай мен БҚО-да қатарластарына буллинг жасаған балалардың ата-аналары жазаланды
Фото: istockphoto.com

Орал қаласында 13 жастағы бала 10 жастағы балаға әлімжеттік көрсетіп, ақшасын тартып алған. Зардап шеккен оқушының анасы ұлының 2 жыл бойына қорлық көріп жүргенін айтқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

«Қалалық әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотта 10 жастағы Г-ны қорқытып, ақшасын тартып алған 13 жастағы Р.-ның анасына қатысты әкімшілік іс қаралды. Г.-ның анасының айтуынша, ұлын қорқыту әрекеті 2 жылға жуық уақытқа созылған, баласы қорқып қалған, ұзақ уақыт бойы өзін қорқытқан баланың атын айтпаған. Ол татуласудан үзілді-кесілді бас тартты. Сот Р.-ның анасына әкімшілік жаза тағайындау кезінде бірнеше жағдайды ескеріп, оған әкімшілік жаза – ескерту тағайындады», - делінген соттың хабарламасында.

Қостанай облысында да мектеп оқушысы қыз баланы жүйелі түрде қорқытып, келемеждеп келген.

«Б.Майлин атындағы аудандық сотында мектеп оқушысы П.-ны жәбірлеген кәмелетке толмаған С.-ның ата-анасына қатысты ӘҚБтК-нің 127-2-бабының 3-бөлігімен осыған ұқсас әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сотта С.-ның әкесі кінәні толық мойындап, ұлымен болған әңгімені баяндады. Сотқа П.-ның анасы қызының жүрегі ауыратынын, ал С.-ның қызын мазақ етіп, қорқытқанын, соның салдарынан қызы күйзеліске түскенін айтты», - делінген хабарламада.

Кәмелетке толмаған ұл баланың ата-анасына сот 25 мың 800 теңге айыппұл салды.

Серіктес жаңалықтары