07.11.2024, 08:05
Оқиғалар
Ақтөбеде құтқарушылар боранда жоғалған ер адамды аман-есен тапты
Ер адам мал жаюға шыққаннан кейін байланысқа шықпай, жоғалып кеткен болатын
Фото: ТЖМ
Ақтөбе облысында құтқарушылар кезекті іздестіру-құтқару жұмыстарын сәтті аяқтады. Қатты жел мен боранға қарамастан, 1959 жылы туған ер адамды табу үшін жедел әрекет еткен құтқарушылар оны аман-есен тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ер адам мал жаюға шыққаннан кейін байланысқа шықпай, жоғалып кеткен болатын.
Құтқарушылар ер адамды облыс орталығынан шамамен 8 шақырым қашықтықта орналасқан Құршысай тұрғын алабы маңынан тапты.
Оқиға орнында медициналық көмек көрсетудің қажеттілігі туындамады, ер адамның жағдайы жақсы.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады