05.11.2024, 02:00
Оқиғалар
Өскеменде түрме келушісінен жалған құжат табылды
33 жастағы әйел айлаға салып, жалған неке куәлігін көрсеткен
Фото: istockphoto.com
Өскеменде 33 жастағы әйелдің жалған неке куәлігі тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұзақ мерзімді кездесулерге тек ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстар кіргізіледі.
«33 жастағы әйел айлаға салып, жалған неке куәлігін көрсеткен. Дегенмен, қызметкерлер құжаттың жалған екенін байқады. Әйел қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты», – деп хабарлады ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
