02.11.2024, 07:31
Оқиғалар
Павлодарда танысының үйіне қонаққа барған әйел адам үй иесінің қолынан қаза тапты
Қазір оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Павлодарда танысының үйіне қонаққа барған әйел адам үй иесінің қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға қаладағы пәтерлердің бірінде болған. Танысы оларды қонаққа шақырған. Кешкі ас кезінде өзара сөзге келіп қалып, қонақ үй иесін жұдырықтаған. Алайда, кегін қайтарғысы келген үй иесі әйелді жазым етіпті. Ал қонаққа келген ер адам ауруханадан бірақ шықты. Қазір оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.
«Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатырмыз», - деді Павлодар облыстық ПД ресми өкілі Жанна Біләлова.
Көп оқылған
07.11.2026, 11:43
Алматыда Меладзенің концертінде жанжал шығарған 3 әйел қамалды (ВИДЕО)
07.11.2026, 06:23
Семейде жолаушылар автобусы өртке оранды (ВИДЕО)
07.11.2026, 12:07
Павлодарлық оқушының грантына Гарвард университеті араласты: Айханым Оқасова оқуға түсті ме, жоқ па
07.11.2026, 14:13
Шымкентте өзенге қоқыс жәшігін лақтырған тұрғын ұсталды
07.11.2026, 21:19
Кешкі серуен қайғылы аяқталды: Toyota Camry екі адамды қағып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды