«Басқа біреуден іздейді деп қорықтым»: танымал блогер күйеуі үшін төсін үлкейткен (ВИДЕО)
Ол бастапқыда бұл ұсынысты ауыр қабылдаған
Танымал қазақстандық блогер Александра Югай күйеуі үшін маммопластика жасатып, қазір соған өзі риза болып жүргенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мен ешқашан әдемі кеуденің иесі болған емеспін. Әдемі кеуде табиғатынан берілген арулар үнемі ашық көйлек киіп, қыздың әдемі жерін көрсетіп жүруіне болады. Жолдасым Ерасыл кеудеме операцмия жасатуды ұсынғанда, тіксініп қабылдадым. Қазір менің одан да маңызды істерім барын айтып, оған қазіргі тәнім ұнамайтынына ренжіп те алдым. Мәселе осымен жабылған еді. Бірақ кейін отбасы жайлы семинарды көріп отырып серіктесіңнің қиялын қолдау керек деген түсінікке келдім. Ол мұны басқа біреуден іздей ме деп қорықтым. Осылайша, күйеуім үшін төсімді үлкейтуге бел будым», - дейді Югай.
Блогер атағандай, бұл отаны күйеуі үшін жасаса да, қазір айнадағы көрініс үшін өзі қуанып жүр.
«Киімім де жақсы қонады. Күйеуім, қарым-қатынас үшін жасаған әрекетімінің соңы қуанышқа осылай ұласты», - деп бөлісті ол.