Қорғасқа жұрт кіре алмай, неліктен кезек күтіп қалғаны белгілі болды
Кіру режимі уақытша істкен шыққан
«Қорғас» ШЫХО арнайы экономикалық аймағында адам қарасы көп жиналған видеолар әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан мен Қытайдың шекарасында, яғни Қорғаста техникалық олқылыққа қатысты ондаған адам жиналып қалған. Осы мәселеге қатысты редакция мемлекеттік кірістер комитетіне сұрау жолдаған болатын.
Комитет хабарлағандай, бұл мәселе мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне кірмейді.
«Бұл ретте 29 қазанда «Қорғас» ШЫХО арнайы экономикалық аймағына кіруге бағдарламаның істен шығуы (уақытша) болған. Сондықтан «Қорғас» ШЫХО кіру қолмен басқару режимінде жүзеге асырылды, бұл кезектің туындауына алып келді. Қазіргі уақытта кіру жүйесі штаттық режимде жұмыс істейді», - деп жауап берді комитет.