$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үндістан бизнес магнаты байлығының едәуір бөлігін итіне мұргерлікке қалдырды

Ол байлығын бауырларынан гөрі итіне көбірек берген 

Үндістан бизнес магнаты байлығының едәуір бөлігін итіне мұргерлікке қалдырды
Фото: hindustan24hr

Әлемге танымал Tata Group конглемератының басшысы Ратат Тата 86 жасында дүниеден өткен. Ол сүйікті итіне 91 млн фунт стерлинг жазып, оны өмір бойы қамқорлықта ұстауды тапсырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy dailymail-ге сілтеме жасай отырып.

Үндістандық кәсіпкер ешқашан үйленбеген, балалары болмаған. Ол өзінің тұрғын жайын бауырларына қалдырған.

Тата өзінің өсиетнамасында бауырларынан гөрі қызметшісі, аспазы және иті Титоға ең көп байлығын жазып қалдырған.

Кәсіпкердің жақын досы Сухель Сеттің айтуынша, Татаның 50 жасқа келіп қалған қызметшісі мен аспазына Титоға бас-көз болу үшін қалдырған қаражаты олардың бүкіл өмірін қамтамасыз етеді.

«Оларға өте жомарттық танытты. Енді олар еш жерде жұмыс істемесе де болады», - деді ол.

Ратан Тата 1937 жылы дүниеге келген, оның атасы TISCO болат құю зауытының негізін қалаған. Кейін компания Tata Group халықаралық конгломератына айналады. Бүгінде оның құрамына 29 компания кіреді, әлемнің 160 елі оның өнімін сатып алады. Компанияның нарықтағы капиталы 403 миллиард долларды құрайды.

Серіктес жаңалықтары