Ресейде колониядан қашқан алты тұтқынның бесеуі ұсталды

Azattyq Rýhy

Колониядан қашқандардың соңғысын іздеу шаралары жалғасуда

Ресейде колониядан қашқан алты тұтқынның бесеуі ұсталды
Бейнеден кадр

Ресейде Липецк облысындағы колониядан қашқан алты тұтқынның бесеуі қолға түсті. Бұл туралы Ресей Федерациясы ІІМ ресми өкілі Ирина Волк өзінің Telegram-арнасында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түрмеден қашып кеткен алты сотталушының екеуі Тамбов облысының Петровка ауылында ұсталды. Олардың қолдарында жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған.

Түзеу колониясынан қашқан тағы екі адам Липецк облысы Задон ауданының Улусарка қаласында қолға түскен. Ұстау барысында қашқындардың бірі қарсылық көрсетіп, жасырынуға тырысқан, сол себепті полицейлер табельдік қару қолданды.

Қашқындардың бірі оқтан жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Тағы бір тұтқынның Петровское ауылындағы жеке секторда жасырынғаны анықталды.

«Липецк облысындағы әріптестерім түзеу колониясынан қашып кеткен тағы бір адамды ұстады. Одан әрі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ресей ІІМ Қылмыстық іздестіру басқармасының қызметкерлері Липецк облысы бойынша түзеу колониясынан қашып кеткен алты сотталушының бесіншісін ұстады. Шабуылдаушы Петровское ауылының жеке секторында жасырынған, ол аумақтық полиция бөліміне жеткізілді», - деп жазды Ирина Волк.

Колониядан қашқандардың соңғысын іздеу шаралары жалғасуда.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.