Астанада трансформаторлық қосалқы станцияларға ұрлыққа түскен қылмыстық топ ұсталды

Azattyq Rýhy

Олар бұрын осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін істі болған

Астанада трансформаторлық қосалқы станцияларға ұрлыққа түскен қылмыстық топ ұсталды
Фото: Астана қаласының ПД

Астана қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында полицейлер трансформаторлық қосалқы станциялардан жабдықтарды ұрлап жүрген қылмыскерлер тобын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ұрылар кезекті қылмыс жасау кезінде қолға түсті. Бұл олардың үшінші рет ұрлыққа баруы екені анықталды.

Қылмыскерлер түнгі уақытта қала ішінде көлікпен жүріп, тұрғын үй аулаларындағы трансформаторлардың орнын белгілеп, құлыптарды кесіп, ішіне кірген. Олар микропроцессорлық есептегіштерді ұрлап, арзан бағаға сатқан.

«Олардың көлігін тексеру барысында түрлі құрал-саймандар, соның ішінде қысқыштар, тістеуік, бұрағыш, бұрғы, балға және кілттер жинағы табылды. Сонымен қатар, дәлел ретінде үш микропроцессорлық реле қорғау есептегіші тәркіленді. Тексеру нәтижесінде қаскөйлердің 15 есептегіш ұрлағаны белгілі болды. Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, 32 жастағы күдіктілер ұсталды. Олар бұрын осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін сотты болған. Күдіктілер кінәларын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.