23.10.2019, 22:14
Оқиғалар
Жүк көлігінен 39 адам өлі табылды
Жүк көлігінен 39 адам өлі табылды деп хабарлайды ktk.kz сайты
23 қазанда англиялық Эссексте Өнеркәсіп паркінде ішінде контейнерлер мен өлі адамдар жатқан жүк көлігі табылды.
«Апаттық қызмет оқиға орнына жетті. 39 адам өлі табылды. Оның 38-і ересектер, біреуі – жасөспірім», - делінген полицияның ресми хабарламасында.
Адам өлтірді деген күдікпен жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісі, Солтүстік Ирландия тумасы ұсталды. Жүк көлігі жексенбіде Болгариядан келіп, Ұлыбританияға кіргені анықталды.
Эссекс округтік полиция департаменті директорының орынбасары Пиппа Миллстің айтуынша, түнгі сағат 1:40 шамасында жедел жәрдем қызметі полиция бөлімшесіне қорқынышты жағдай туралы хабарлады. Оқиға орнына дәрігерлерді кім шақырғандығы әзірге белгісіз.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды