$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.10.2024, 02:00
Оқиғалар

Шымкентте жеке кәсіпкер түрмеге телефон өткізбек болған

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары тағайындалды

Шымкентте жеке кәсіпкер түрмеге телефон өткізбек болған
Фото: depositphotos.com

Шымкентте жеке кәсіпкер түрмеге телефон өткізбек болған. Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары тағайындалды. Бұл туралы Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №53 мекемесінде болды. Жедел бөлімінің қызметкерлерімен өзіндік қауіпсіздік тобынын мамандары бірлесіп жедел іздестіру іс-шараларын жүргізген. Нәтижесінде мекеменің үшінші бақылап өткізу бекетінде жеке кәсіпкерге тиесілі автокөліктен ұялы телефондар мен сим карталар табылды. 

«Тексеру барысында 24 дана сенсорлы ұялы телефон, 7 дана құлаққап, 7 дана қуаттағыш, 4 дана сымсыз құлаққап және 7 дана белайн сим картасы тәркіленді. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары тағайындалды» - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары